21.02.2023, 22:14
Оқылды: 275

«Елім деп соққан жүректерге ән толады»

Бүгін мәдени-демалыс орталығында Кеңес әскерінің Ауған елінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай «Елім деп соққан жүректерге ән толады» атты аудандық әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.

IMG_7841

Ән байқауында өнер көрсететін үміткерлер: Көпжасар ауылдық округінен Алпамыс Сыдиқов, Мәстексайдан Есенғали Ибатов, Жаңақаладан Жанболат Мұсағалиев, Жаңажолдан Жалғас Ибатуллин, Бірліктен Нұрдәулет Табылдиев, Жаңақазаннан Нұрсәт Болатов пен Қажмұхан Құмашұлы.

IMG_7842

IMG_7840

Аталмыш байқауға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, мәдени-демалыс орталығының музыка өңдеушісі, үздік мәдениет қызметкері Саясат Бексариев, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі, аудандық «Ән салады мамандар» байқауының лауреаты Эрнест Мұсаев төрелік етіп, әділқазылар алқасының қатарынан табылды. І кезеңде үміткерлер Ауған соғысы жайында әндерді, ІІ кезеңде Туған жерге арналған патриоттық әсем әндерді шырқап, көрермен қошеметіне бөленді.

IMG_7845

Байқау нәтижесінде Нұрсәт Болатов пен Қажмұхан Құмашұлы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Жанболат Мұсағалиевке ІІ дәрежелі диплом табысталды. І дәрежелі дипломмен Нұрдәулет Табылдиев марапатталды. Қалған үміткерлерге алғыс хаттар табысталды.

Райхан Амантайқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале