Жуырда Орал қаласында гір тасын көтеруден 2007 жылы және одан кіші 2005-2006 жылы, 2004 жылы және одан жоғары туылған ерлер мен әйелдер арасында облыс чемпионаты өткен болатын.
Жалпы гір тасын көтеруден аудан спортшыларының алдына жан салмасына ешкім шүбә келтіре қоймасы анық. Осы жолы да аудан гіршілері күткен нәтижеге қол жеткізді. Облыс чемпионатына 9 команда қатысып, қызықты әрі тартысты өтуіне атсалысты. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте аудан спортшылары І орыннан көрінді. ІІ орынға Бәйтерек ауданы қол жеткізді. ІІІ орынды Сырым ауданы иеленді. Нәтижесінде 7 спортшымыз бірінші орыннан көрінсе, 7 спортшы екінші және 1 спортшы үшінші орынға ие болды.
Мақсот Юсупов,
жаттықтырушы
zhaikpress.kz