ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық өнеркәсіптің ахуалына байланысты ұлттық баяндаманы әзірлеуді қолға алды. Онда еліміздегі өнеркәсіптің қазіргі жағдайы мен жекелеген бағыттар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға қатысты индустриялық даму жөніндегі мәліметтер қамтылған, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Бұл орайда аталған баяндама Қазақстандағы өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың негізгі тетігі саналатынын айта кетейік. Оны әзірлеу іскерлік орта және қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылады.
Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кәсіпорындардың дамуына әсер ететін факторлар мен өндіріс орындарында туындайтын жүйелік проблемаларды және тәуекелдерді анықтау мақсатында онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырады.
Осы сауалнаманың нәтижелері тиісті шешімдерді қабылдау үшін еліміздің басшылығына ұсынылатынын айта кеткен орынды.
Онлайн-сауалнаманың мемлекеттік тілдегі нұсқасына төмендегі сілтеме арқылы өтуге болады: https://forms.gle/BBPgLadoFCC2gHwP6
Ал ресми тілдегі нұсқасы https://forms.gle/ntPMs9DauGpmjjKx7 сілтемесі бойынша қолжетімді.
Сауалнамаға онлайн қатысу мүмкіндігі болмаса, қосымша берілген форманы толтыруға болады (Жүктеу)
Толтырылған сауалнаманы [email protected] және [email protected] пошталарына жіберу қажет.
Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы ала аласыздар: 8 (7172) 983788 (ішкі 1073, 1189, 1172), Әлішер Ерназаров 8 702 852 85 38, Нұржан Нұрғысаев 8 707 423 79 69.
zhaikpress.kz