28.02.2023, 11:30
Оқылды: 34

Премьер-Министр: Қазақстандық құтқарушылар Түркияда кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті

Өңірлердің су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралып жатқан Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркиядағы құтқару жұмыстарына атсалысқан еліміздің ТЖМ қызметкерлеріне алғыс білдірді.

D8E96E77-93C5-4E55-831A-B61DDCE3EE5B

«Ең алдымен, бауырлас Түркия Республикасына барып, жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды құтқаруға атсалысқан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.

Біздің мамандарымыз кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті, бастарын қатерге тігіп, мәртебелі міндетті абыроймен орындады», деді ол.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале