1.03.2023, 14:30
Оқылды: 48

Қазақстанда құрғақшылыққа ден қою жүйесі құрылуда

Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығы (бұдан әрі - Орталық) БҰҰДБ-мен бірлескен жоба шеңберінде құрғақшылықты мониторингілеу және болжау негізінде құрғақшылыққа ден қою жүйесін құру бойынша жұмыс істеуде.

2021_06_18_13166430-1024x577

Сурет egemen.kz сайтынан алынды

Жобаның компонентін іске асыру барысында облыстық әкімдіктердің, ТЖ бөлімшелерінің, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының, Қазгидромет бөлімшелерінің және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері үшін құрғақшылыққа ден қоюдың аумақтық жоспарларын пайдалану дағдыларын оқыту және пысықтау, тұтынушының талаптарын, құрғақшылықты кешенді болжаудың пилоттық әдістемесін ескере отырып, құрғақшылық бойынша болжамды бюллетеньннің жаңа дизайнын таныстыру, құрғақшылықты бақылау және болжау негізінде құрғақшылыққа қарсы әрекет ету жүйесін құру бойынша бірқатар тренингтер қарастырылған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жазды.

Тренинг барысында Орталық пен Қазгидромет сарапшылары мен консультанттары: 1990 жылдан бастап динамикадағы құрғақшылықтың салдары мен залалы туралы деректерді талдау, құрғақшылыққа ден қою жөніндегі жұмыс регламенті бар ведомствоаралық схеманың жобасы, Ақмола облысының мысалында құрғақшылыққа ден қою жөніндегі аумақтық жоспарлардың жобасы, тұтынушының талаптарын ескере отырып, құрғақшылық жөніндегі болжамды бюллетеньннің жаңа дизайнының жобасы таныстырылады.

Жоба шеңберінде ұсынылған әзірленген материалдар ұлттық және жергілікті деңгейлерде құрғақшылықты болжау мен оған ден қоюда Қазақстан Республикасының әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді, негізгі тұтынушылардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, құрғақшылық бойынша болжамды бюллетеньдің жаңа дизайнын әзірлеу ақпарат алуға ғана емес, сонымен қатар тиісті шараларды қабылдау үшін түсінуге және түсіндіруге де мүмкіндік береді.

Бірінші тренингті 2023 жылдың 1 наурызына Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының базасында өткізу жоспарланған.

«Климаттық уәде: уәдеден әрекетке» жаһандық бастамасын іске асыру шеңберінде бұл бастаманың келесі кезеңінде БҰҰДБ-ның ірі серіктесі болып табылатын Жапония үкіметі Қазақстанға ұлттық Климаттық міндеттемелерді орындау үшін қаражат бөлді. БҰҰДБ-ның «Климаттық уәде» бағдарламасы (Сlimate Promise) – бұл Париж келісімі шеңберінде әлемнің барлық дамушы елдерінің ұлттық деңгейде айқындалатын үлестерін (ҰДАҮ) арттыру және іске асыру мақсатында олардың барлығының 80% - % құрайтын 120-дан астам елдер мен аумақтарды қамтитын ҰДАҮ қолдау жөніндегі ең ірі жаһандық ұсыныс. Бұл климаттық міндеттемелерді арттыру және Париж келісімін жүзеге асыру үшін әлемдегі ең ірі қолдау ұсынысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале