24-26 ақпан күндері Астана қаласында дзюдо күресінен ARSLAN спорт клубының ұйымдастыруымен 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілік өтті.
10 облыс, 4 қаладан, Өзбекстаннан және Рессейден 40 жуық командадан 800 жуық спортшы қатысқан біріншілікте Сырым ауданының жас спортшылары жүлделі орындардан көрінді.
Нұрәділ Абай ІІІ орынды, Ердәулет Мұрат пен Амирлан Мұратов 26, 29 келі салмақ дәрежелері бойынша ІІ орынды қанағат тұтса, 32 келі салмақ дәрежесінде Алихан І орын иеленді.
Аталмыш жас дзюдошылардың жаттықтырушылары - Мәулет Қожахметов пен Айбол Оразғалиев.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz