Танымал блогер Дәулет Мұқаев бір күнде 110 баланың тұсауын кескен, деп жазады Massaget.kz.
Бұл туралы блогер Instagram-парақшасында айтты.
«Жаңа рекорд. Алғыс айту күніне орай 60 емес, бүгін 110 баланың тұсауын кестім. Ақ жол, балапандар. 2015 жылдан бері тұсау кескен балалар саны 2 500-ден асты. Бақытты күндерің көп болсын», - дейді блогер.
Айта кетейік, тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.