Көптеген адам үшін айран дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын білдіреді. Шынында да, айранның көптеген пайдалы қасиеті бар. Айранды дәрігерлер кейбір науқастарға ішуге кеңес береді, дегенмен бұл сусынның денсаулыққа пайдасымен қатар зияны да бар.
Фото: slavinfo.dn.ua
Оның үстіне, кейбір адамдарда бұл ашытылған сүт өнімі аллергия тудыруы мүмкін.
Айранның пайдасы
Басқа ашытылған сүт өнімдері сияқты, айранда да ақуыз көп. Бұл сусын бета-каротин мен триптофанға да бай. Осының арқасында айран стресті жеңуге көмектеседі. Бұл өнімде сондай-ақ А, В және С дәрумендері бар, сондықтан ол иммундық жүйені нығайтуға және тері мен шашқа пайдалы әсер етеді. Айранда сонымен қатар магний, натрий, калий, фосфор және кальций бар.
Кімге айран ішуге болмайды?
Гастроэнтеролог Галина Барташевичтің айтуынша, ең алдымен асқазан сөлінің жоғары қышқылдығынан зардап шегетіндер айран ішпеуі керек. Сонымен қатар, асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы, гастриті және панкреатиті бар адамдарға айран ішуге және бір жасқа толмаған балаларға йогурт беруге болмайды. Балаларға күніне 100 мл-ден артық ішпеуі керек, себебі бұл сусын шырышты қабықтарды тітіркендіреді.
Сонымен қатар, айран жоғары аллергенді өнім саналады. Аллергия барлық жастағы адамдарға әсер етеді. Симптомдардың ауырлығы бөртпеден анафилактикалық шокқа дейін күшеюі мүмкін.
Айранда күшті аллерген лактоза бар, оның артық болуы тіпті сау адамдар үшін де зиянды болуы мүмкін.
Қарсы көрсетілімдер болмаса да, айранды көп ішуге болмайды. Дәрігерлер күніне екі стақаннан (400 мл) артық ішпеуге кеңес береді. Әйтпесе, артық салмақ қосу қаупі бар.
Т. Раушанұлы,
massaget.kz