9.03.2023, 14:46
Оқылды: 44

Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 12 перинаталдық орталық салу жоспарланып отыр

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы әйелдердің денсаулығын нығайту шараларын ұсынды, деп жазады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

034e6626f4f2e231e28a73f9eb3c270c_1280x720

Денсаулық сақтау жүйесіндегі басымдық сүт безі мен жатыр мойны обырын қоса алғанда, ауруларды анықтау үшін профилактикалық іс-шаралар мен скринингтік тексерулер, деп атап өтті ведомство басшысы.

Жалпы, инфекциялық емес аурулар Қазақстанда әйелдер өлімінің негізгі себебі болып қала береді, ал әйелдерде сырқаттанушылық бір жылда 4%-ға өсті. Диспансерлік есепке 3 миллионға жуық әйел алынды, ал стационарларда 2 миллионға жуық әйел емделді, 500 мың хирургиялық араласу жүргізілді. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрайды, бұл ер адамдарға қарағанда 7,7 жасқа жоғары.

Елде жыл сайын 400 мыңнан астам бала туады, олардың 99%-ы медициналық бақылауда туады, ал жүкті әйелдердің 90%-ы туа біткен кемістіктерді анықтау үшін жүктіліктің ерте кезеңдерінде скринингтен өтеді.

Медициналық көмек пен клиникалық хаттамалардың жақсаруына байланысты ана өлімі 100 мың тірі туғандарға шаққанда 2,6 есеге төмендеді.

Жыныстық өмірдің ерте басталуы, жыныстық жетілудің бұзылуы және жасөспірімдердің жүктілігі, босану және аборт жасау проблемалары жасөспірім қыздардың денсаулығына әсер етеді. ҚР-да 191 жастар денсаулық орталығы ұйымдастырылды, онда 1 мыңнан астам маман 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға тегін медициналық-психоәлеуметтік көмек көрсетеді.

Әйелдердің денсаулығын жақсарту үшін ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексеру тәсілдері қайта қаралды, бүйрек, асқазан-ішек және тыныс алу ағзаларының ауруларын анықтауға арналған скринингтер кеңейтілді. 18 жастан бастап 29 жасқа дейінгі адамдарды скринингпен қамту жаңалық болып табылады, ЖПД-ға бармай-ақ консультациялық-диагностикалық қызметтердің 9 бағыты жүргізіледі.

Ыстамбұл хаттамасының шеңберінде әйелдер мен балаларды қоса алғанда, дене жарақаттарын, қатыгездік пен зорлық-зомбылық фактілерін тексеру, зерттеп-қарау және есепке алу бойынша жаңа тәсілдер іске асырылды. МСАК-та әлеуметтік-бағдарланған модель енгізілді, онда профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелері құрылды және 2 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер, 1,5 мың психолог жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері сотталған адамдарды, оның ішінде әйелдер мен балаларды медициналық қамтамасыз ету ДСМ-нің қарауына берілді. Оларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша шаралар жүргізілуде.

Әйелдер мен жүкті әйелдердің денсаулығын жақсарту үшін: халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 12 перинаталдық орталық салу жоспарлануда, жаңа норматив бойынша 500-ден астам адам тұратын елді мекендерде фельшерлік-акушерлік көмек ұйымдастырылады.

Отбасын жоспарлау кабинеттерінің, ЖДО жұмысын жақсарту және әйелдерді контрацепциямен қамту бойынша іс-шараларды іске асыру жалғасуда.

Қазақстанда гендерлік теңдік бөлігінде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізілуде - медициналық көмек алу құқығына еліміздің барлық азаматтарына кепілдік беріледі, жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі бойынша кемсітушілік жоқ.

Министрлік «Ана мен бала денсаулығын нығайту» тұжырымдамасын әзірлеуде, оның шеңберінде маңызды іс-шаралар қаралады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале