10.03.2023, 16:15
Оқылды: 40

Түрікменстан Республикасымен әуе қатынасы қайта ашылады

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады, бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

e8d2277d0b86159b82db1d5daf96ace3_1280x720

Осылайша, "Түрікменстан" әуекомпаниясы 2023 жылдың 26 наурызынан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер Алматы-Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері "Боинг-737" үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалады.

Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале