10.03.2023, 12:00
Оқылды: 53

БҚО-да авариялық-құтқару жұмысына 370 адам жұмылдырылды

9 наурыз сағат 08:00-ден бастап БҚО ТЖД жедел штабына облыс тұрғындарынан 36 қоңырау түскен.

Дәл қазір бір қатар аумақтарда шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарды жүргізілуде. Аталған іске, 370 адам (ЖАО - 354, ТЖД - 16), 167 бірлік техника (ЖАО – 165, ТЖД - 2), 47 бірлік мотопомпа (ЖАО - 43, ТЖД - 4), 61 бірлік су айдау техникасы (ЖАО – 61) жұмылдырылды.

1ec53260-45f6-4fc1-a663-5da8870fbec3

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, еріген қар суын сору жұмыстары Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Теректі, Тасқала, Жаңақала, Сырым, Бәйтерек аудандарында жүргізілді. Өзге аудандарда су басу қаупінің болмауына байланысты жұмыстар жүргізілген жоқ.

Жергілікті атқарушы органдардың күшімен 9704 текше метр (тәулігіне) еріген қар суы сорылды. Барлығы - 44587,6 текше метр су сорылды.

WhatsApp Image 2023-03-10 at 12.10.25

Жергілікті атқарушы органдардың күшімен 7075 текше метр(тәулігіне) қар шығарылды. Барлығы – 307 180 текше метр қар шығарылды.

Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖД және Жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері 17 946 үгіт материалын таратты.

Еріген су тасқыны жағдайларын болдырмау мақсатында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Сізден, су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізуді сұрайды, атап айтқанда:

- аула аумағында жиналған қарды шығару;

- үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың шатырларын қар мен   мұздан тазарту;

- жеке пәтерлердің, адамдар көп жиналатын объектілердің, білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің басшыларына мұз құлауы мүмкін жерлерде ескерту белгілерін, ленталарды орнату.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қазіргі уақытта адамның қаза болуына және жарақаттануына немесе ғимараттардың құрылыстары мен шатырларының қирауына жол бермеу және алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын орындау үшін барлық тиісті шараларды қабылдау қажет екенін еске салады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале