11.03.2023, 19:35
Оқылды: 24

Қаратөбеде қарғын суға қарсы қарекет жасалуда

Өңірімізде биыл қар аз жауғанымен, күрт жылынған күн райы ауылдық елді мекендермен қатар, аудан орталығының тұрғындарын да біраз әбігерге салуда. Аудан көлемінде су тасқынының алдын алу шаралары бұрынғыдан да бетер күшейтіліп, қарғын суға қарсы қауырт іс-қимылдар атқарылуда.

WhatsApp Image 2023-03-11 at 20.27.40

Бүгінде елді мекендерде су тасқынының алдын алуға бағытталған кезекшіліктер ұйымдастырылып, қар шығаруға, судың арнасын тазартуға, аршуға барлық техникалар мен қызметкерлер жұмылдырылды. Ауа райының күрт жылынуынан аудан орталығындағы бірнеше көшелерді су басу қаупі бар. Қауіптің алдын алу бағытында жедел штаб пен мекеме қызметкерлері жұмысқа кірісті.

WhatsApp Image 2023-03-11 at 20.27.44 (1)
Осы орайда Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бойынша бас маманы, азаматтық қорғаныс майоры Қуанышбек Қабекенов хабарласып, аудан елді мекендеріндегі тасқын судың алдын алу мен салдарын жоюға байланысты қандай шаралар атқарылғанын сұрастырып білдік.

WhatsApp Image 2023-03-11 at 20.27.47 (1)
– Жалпы Қаратөбе ауданында күн күрт жылынып, еріген қар суы тоңы қалың жерге сіңбей, су басу қаупі төнген бірнеше көше мен 4 үй аңықталды. Осыған орай су басу қаупі төнген аймақтан қауіпсіз аймаққа су ағызылды. Қауіп төніп тұрған Жұмалиев, Бекимов, Датұлы көшелерінде мотосорғылармен жұмыстар жасылып, 470 текше метр су ағызылды. Бұл жұмысқа 6 мотосорғы, 3 троктор, 3 жеңіл машина, 18 адам жұмылдырылып, қауіптің беті қайтарылуда. Сонымен қатар, су тасқынының алдын алу мақсатында бөгеттер жөнделіп, жер асты құбырлары тазартылды. Ертең БҚО төтенше жағдай департаментінен Қоржын және Шалғын ауылдарына 6 техника, 4 қайық, 20 адам көмекке келмек, - дейді.

WhatsApp Image 2023-03-11 at 20.27.48 (1)

 

WhatsApp Image 2023-03-11 at 20.27.48
Сала маманының ақпаратына сүйенсек, адамдардың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Жағдай ауылдық округ әкімдерінің тұрақты бақылауында. Аудандық әкімдікте тәулік бойы арнайы штаб қызмет атқаруда.

Райымбек Абай, 

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале