12.03.2023, 13:25
Оқылды: 98

Ақтайсай өткелін су шәйіп кетті

Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылдық округінің әкімі Эльдар Амантаевтың мәлім еткеніндей, оқиға 11 наурыз күні түскі сағат 14.00 шамасында орын алған.

BB96A8F1-0C6D-4B35-BA69-46A6AD958DED

Ағын су екпінінен Ақтайсай ауылынан аудан орталығына жалғайтын жалғыз өткел тасқын суға шыдамай, опырылған. Су басқан өткелдің әлеуметтік желіде видеолары тарады.

372575B5-59C1-4A16-A121-14AC5DBD9E39

Қазіргі таңда Ақтайсай ауылына көлік қатынасы үзілген. Ауа райы күрт жылынып, қардың еруі салдарынан Таян өзені арнасындағы су көтеріліп, соңы тасқынға ұласқан. Тасқыннан елді мекенге қауіп жоқ.

DA3299DB-C7A2-40C3-B911-9761C4E46040
Айта кетейік, былтыр да аталмыш өткелді су шайып кетіп, жөнделген болатын.

Р.Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале