13.03.2023, 10:30
Оқылды: 21

Нариман Құрбанов Бакудегі Әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

Əзірбайжан астанасы Бакуде спорттық гимнастикадан Əлем Кубогының 3-кезеңі мәресіне жетті. Шешуші жарыс күні Ұлттық құрама көшбасшысы Нариман Құрбанов ат снарядында жеңімпаз атанды, деп жазады kazsports.kz. 
4d2b8cddc9fb3c361c328c3c59ed806f
Фото: kazsports.kz
Отандасымыздың өнеріне төрешілер 15.300 ұпай берді. Күміс медальге қазіргі әлем чемпионы ирландиялық Риз МакКленаган, қолаға албаниялық Матвей Петров ие болды.

Бұл Нариманның осы маусымда ат снарядындағы 3-жүлдесі. Ол 10 күн бұрын Дохада өткен Әлем Кубогының 2-кезеңінде алтын алған. Ал Германияның Котбус қаласындағы алғашқы кезеңде үздік үштікті түйіндеген. Осыған дейін қазақстандық гимнастар бір маусымда 2 алтын медальге қол жеткізбеген еді.

Айта кетейік, кеше Бакуде еркін бағдарламада Милад Карими үздік атанған. Қазақстан құрамасы лицензиялық бұл кезеңді 2 алтын жүлдемен аяқтады. Әзірбайжан астанасындағы кезеңге 32 елдің 32 елден 57 атлеті(32 ер, 25 әйел) жиналды.

Әлем Кубогының осы маусымдағы соңғы кезеңі Каирде өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале