13.03.2023, 10:00
Оқылды: 43

Көрісу айтты қалай түсінесің?

14 наурыз – Батыс Қазақстан облысында ежелден Көрісу айты ретінде тойланып келеді. Бұл күні жасы кішілер елдің үлкендеріне барып, көрісіп, батасын алады. Көрісу айты кезінде дастархан жайылып, адамдар бір-біріне құшақ жайып, емен-жарқын амандасып, реніштері болса, кешіреді. «Айттан айтқа аман-есен жетейік!» деп ақ тілектерін білдіреді. Бұл мейрам сонау  Кеңес дәуірі кезінде де ұмыт қалған жоқ. Әсіресе ол Маңғыстау өңірінде Амал мейрамы деген атпен белгілі.

  Біз айт мерекесі қарсаңында ой-пікірлерін білмек болып мектеп оқушыларымен кездескен   болатынбыз. Төменде сол пікірлерді ұсынып отырмыз.

Кәусар Садихии

Кәусар Садихи,

Қ.Сатпаев атындағы  мектептің 5 сынып оқушысы:

- Көрісу айт адамдардың бір-бірімен амандасып, жақсылық тілейтін мерекесі. Бұл күні әр үйде дастархан жайылып, шеке пісіріп, көрісе келген адамдарға содан ауыз тигізеді. Кішкентай болсақта оны көріп жүрміз. Жалпы көрісу айты туралы  анам үнемі айтып отырады. Бұл бір күнде бітіп қалатын мереке емес. Ол жыл бойы жалғаса береді.  14 наурыз күні кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем бере келеді. Мен өзім ең алдымен таңертен тұрып ата-анамен, бауырларымен көрісемін содан соң бәріміз көршілермен, тума-туысқандарға барамыз. Анам көрісу айтында бауырсақ, көже пісіріп,  ет асады. Тума-туысқандар келеді. Бұл күні адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады.

Расул Төлеген,

 Ы.Алтынсарин атында мектептің 4 сынып оқушысы:

- Мен өз басым бұл күнді асыға күтемін. Көрісу күнінде отбасымыздың кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер «бақытты бол, бір жасыңмен» деп бата береді. Содан кейін ауылды аралап, көрші -көлеммен амандасып шығамыз. Олар көрісе барған балаларға бауырсақ пен тәттілер беріп, ақ тілектерін айтып шығарып салады. Ал үлкендер жағы отырып дастарханнан дәм татады.  Көрісу айтқа анам ерекше дайындалады.  Ұлттық тағамдар пісіріп дастарханға қымыз, көже, айран қояды.

Бұл мейрамда барлық қазақ халқы бір-біріне ренжулі адамдар бірін-бірі кешіріп құшақтасып көріседі. Бұл мейрамның ерекшелігіда осыда деп ойлаймын.

Төлеген Нұоасыл Төлеген Расул

Нұрасыл Төлеген,

 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 4 сынып оқушысы:

- Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Анам ұлттық тағамдардың түр-түрін пісіреді. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Өйткені, қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген халық.

Біз отбасымызбен бұл күнді асыға күтеміз.

Назерке Шайхоллақызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале