Сейсенбі күні, 14 наурызда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Primeminister.kz-тың хабарлауынша, отырыста 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы, Жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қаралады.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.