Теректі ауданының Покатиловка ауылында қызыл су тұрғын үйлердің ауласына жайылып, қора-жайға кірген. Жергілікті әкімшіліктің ұйымдастыруымен су сорғызу, ағын суды бұру жұмыстары жүргізілді.
Бұл шаралар 3 трактор, УАЗ автокөлігі, су сорғыш пен су айдау қондырғысымен атқарылды. Су бетін бұруға 27 адам жұмылды.
-Еріген қар суының бірден жол тауып кетпей, аула-көшені басуына жер тоңы түспегені себеп болып тұр. Ұзаққа дейін қар жатпаған соң, тоң қалың биыл, - дейді қарғын сумен күрестің алдыңғы шебінде жүрген Теректі аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы Жарас Көпжасаров.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz