Төтенше жағдайлар мен Казталов ауданы аумағындағы су тасқынына қарсы жедел әрекет ету штабының соңғы мәліметі төмендегідей:
Ресей Федерациясынан бүгін (14 наурыз) таңғы сегізден бастап 200 куб/сек су жіберілді. Қайыңды ауылында бүгін Үлкен өзен (Қараөзен) 78 сантиметрге көтеріліп, су деңгейі 707 сантиметрге жетсе, Жалпақтал ауылында бүгін Үлкен өзен (Қараөзен) 64 сантиметрге көтеріліп, су деңгейі 697 сантиметрге жетіп отыр.
Көктемгі тасқын судың жағдайы әзірге қалыпты. Суға кетіп, төтенше жағдайларға тап болған үйлер жоқ. Жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, ауыр техникалар Жалпақтал бағытына орналастырылды. Десек те, әлі де сақ болайық, ағайындар!
zhaikpress.kz