22.03.2023, 20:15
Оқылды: 54

Округімізде Наурыз мейрамы жыл сайын жоғары деңгейде аталып өтуде

Наурыз мейрамы - табиғаттың   жаңаруымен,  күн мен түннің теңелуімен, жаңа бір жылдың  табалдырықтан аттауымен, адамдардың  көңіл күйлеріне жылылық орнауымен ерекшеленетін мереке. Қазақ Наурыз айын жыл басы деп есептеген. Соңғы кезде өзіміздің төл мерекемізді тойлауға  басымдық берілуде. Округімізде де Наурыз мейрамы жыл сайын жоғары деңгейде аталып өтуде.

FB_IMG_1679483026117

Биыл да ауылымыздағы мәдениет үйінің алдында сахна құрылып, оның жанына екі ақ шаңқан киіз үй тігілді. Ауыл тұрғындары да ұлттық киімдер киініп, мерекенің сәнін аша түсті. Наурыз мерекесіне арналған  салтанатты шараны ауылымыздың үлкендерінің бірі Сұлташев Ұзақбай ағамыздың жиылған жұртшылыққа бата беруімен басталды. Мерекелік шарада алдымен сөз алған округ әкімі Ернар Аққалиұлы жиылған жұртшылықты Наурыз мейрамымен құттықтап, жанұяларына амандық тіледі.

FB_IMG_1679483000970

Осынау шараға сегіз қанат екі киіз үйді (әрбіреуінің құны 500 мың тенге) ауылымызға сыйға тартып отырған, ауылымыздағы Ғали Бегалиев атындағы  мектептің 2003 жылғы мектеп бітіруші 1986 жылғы туылған түлектеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен естелік сыйлықты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Радж Болақайұлы табыс етті.  Осы шараны «Ақжайық» телеарнасының операторы бейнекамераға түсіріп, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айбек Көшеғалиев қонақ ретінде қатысты. Қазіргі уақытта әр жылғы мектеп бітіруші түлектердің ауылға тартуы 20 млн теңгенің үстіне шығып отырғанын айта кетуіміз керек.

FB_IMG_1679482971307

Ауылымыздағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Меңдіхан Халықұлы, кезінде Қошанкөл қой совхозында, қалаберді кешегі Тәуелсіздік алған жылдары еңбек еткен ардагерлер Бохаев Орынғали және Мыңжасов Ахаш ағаларымызға «Еңбек ардагері» төс белгілерін табыстады. Округ әкімі Ернар Аққалиұлы көп жылдар ауылымызда механизатор болып еңбек еткен  Губайдуллин Талғат ағамызды  70 жас мерейтойымен құттықтап,  округ әкімінің Құттықтау хаты мен естелік сыйлықты табыстады. Наурыз тойында сонымен қатар қайырымдылық іс-шараны ұйымдастырып, басы-қасында табылатын Ақан Амангелдіұлы,  әркез қайырымдылыққа демеуші болып, өз қаржысын аударып жүрген  Жексенбай Алпысұлы округ әкімінің Алғыс хатымен  марапатталды. Салтанатты жиын әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты.

FB_IMG_1679482984163 (2)

Ауылымыздың көркемөнерпаздары мен «Ақ кимешек» әжелер ансамблі, мектеп оқушылары  өз өнерлерін жиылған көрермендерге ұсынды. Ауылымыздың басты көшесі Жаңа құрылыс көшесімен  көк туымызды желбіретіп 50-ге тарта шабандозымыз жүріп отырып, шерулетіп орталық алаңға келіп тоқтады. Бұдан кейінгі кезек ұлттық ойындарға келіп жетті.  Қой көтеру, арқан тартыс, қазақша күрес ойындары ойнатылып, жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Киіз үйлерге дастархан жайылып, ауыл үлкендері осы мерекеге қатысушы барша жұртшылыққа наурыз көже, өзге де ұлттық тағамдар ұсынылды. Бүлдіршіндерге арнап 200 дана тәттілер таратылды.  Осы мерекені өткізуге атсалысқан барлық мекеме ұжымдарына, ауыл азаматтарына округ әкімшілігі атынан алығысымызды білдіреміз.

Ержан Сапарғалиев,
Суретке түсірген: Сабирова Айымгүл
Казталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале