81 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Ләззат Күнгейбаева әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фото: Prosports.kz
Күнгейбаева жартылай финалда әзербайжандық Айнур Рзаевамен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық боксшы әлем чемпионатының финалына шықты.
Айта кетейік, Ләззат Күнгейбаева - 2016 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы және Қазақстанның он бір дүркін чемпионы.