Биыл 25 наурыз бен 29 сәуір аралығында Оралда санитарлық-экологиялық айлық өтеді. Алғашқы жалпықалалық сенбілік 25 наурыз күні ұйымдастырылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Санитарлық-экологиялық айлық барысында қыс мезгілінен кейінгі қала аумағын жаппай тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Әр бизнес нысандары, кәсіпорындар, еңбек ұжымдары, көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы ұйымдары мен жеке үйлердің тұрғындары өздеріне тиесілі аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізуі қажет.
Қоршаған ортаны таза ұстау — әр азаматтың парызы. Қала тұрғындарын сенбіліктерге белсенді қатысып, ортақ мекеніміз — Оралды бірге гүлдендіруге шақырамыз!
___________