Ел кубогі бәсекесінің алғашқы кезеңін сәтті аяқтап, 1/8 финалға жолдама алған "Ақжайық" елге оралды. Бір айдан астам уақыт түзде болған сүйікті командасын жергілікті жанкүйер қауым вокзалдан күтіп алды.
Сондай-ақ ел кубогінің алғашқы 4 ойынында 13 гол соққан Арман Смаиловқа команда тілеулестері естелік сыйлық тарту етіп, алдағы ойындарда да осындай нәтиже күтетінін айтты.
Еске сала кетейік, алдағы аптада бірінші лига командалары кезекті ел біріншілігін бастайды.
Бірінші тур ойынын өз алаңында өткізетін "Ақжайық" семейлік "Елімай" командасын қабылдайды. Матч сәуірдің 6-ы күні 16:00-де "Ақжайық" стадионында өтеді.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz