6.04.2023, 20:03
Оқылды: 138

«Түлектер мен тілектер тоғысқан күн»

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде 10, 20, 30, 40 жылдық мектеп бітірушілердің «Түлектер мен тілектер тоғысқан күн» атты мектеп оқушыларымен кездесу кеші өтті.

IMG-20230406-WA0117

IMG-20230406-WA0113

Осыдан бірнеше жыл бұрын алтын ұя мектебінен асқақ арманмен қанат қаққан түлектер алдымен сағынышын басып, ұстаздарымен кездесіп, білім ордасын аралап, өздері оқыған сыныбына да бас сұқты. Сондай-ақ орыс тілі, химия, музыка, дене шынықтыру сабақтарын өтіп, сонау балалық шақтың тәтті естелігіндей болған оқушы кезді еске алды. Әрі қарай ауылымыздың дамуына өзіндік үлес қосып жүрген түлектер мәжіліс залында 2023 жылдың мектеп қабырғасынан ұшқалы отырған оқушыларымен кездесті.

IMG-20230406-WA0115

IMG-20230406-WA0114

IMG-20230406-WA0116

Алдымен мектеп директоры Бегайым Есенғалиева қонақтарға қош келдің айтып, ризашылығын білдірді. Өз кезегінде шараға қатысушы қонақтар да балалық шақтың естелігіне ойысып, «Кім болам?» деген бала арманымен бөлісіп, қазіргі қызметтеріне де тоқтала өтті. Шараға қатысушы түлектердің мектеп қабырғасындағы фотосуреттері жасырылып, тапқан жанға сыйлықтар да ұсынылды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алысып отырды. Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмыстары туралы бейнеролик көрермен назарына ұсынылды. Шара барысында «Болашағы біз елдің», «Алтын ұя мектебім» әндерін оқушылар орындаса, ұстаз Динара Қуанышқалиева «Мінәжат» әнін тарту етті. Ш.Қалдаяқовтың «Ақ бантик» әні кеш қонақтарымен бірге шырқалды. Кездесу кеші алтын ұя мектебіне үлкен сағынышпен келіп отырған бірнеше жылғы түлектердің қазіргі мектеп бітірушілерге деген ізгі тілектерімен қорытындыланып, естелік фото суретке түсумен аяқталды.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале