12.04.2023, 10:16
Оқылды: 21

«Қазақстанның халық әртісі» атағына ие мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемеақы мөлшері екі есеге ұлғаяды

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағына ие мәдениет қызметкерлеріне базалық лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде үстемеақы төленеді. Қаулы жобасы Үкімет отырысында бекітілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

d94145483e5004080b439f3d16c86343_1280x720

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылдан бастап «Қазақстанның халық әртісі» атағы қайта берілетін болды. Құрметті атаққа лайық мәдениет қайраткерлері Республика күні қарсанында марапатталады.

Құрметті атақ еліміздің театр, цирк, музыка және кино өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан, осыған дейін «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» немесе «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған мәдениет қызметкерлеріне беріледі.

«Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта беру мемлекет тарапынан өнер қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, кәсіби қасиеттерін дамыту және жетілдіруге, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға және жаңа өнер туындыларын жасауға ынталандыруға, жас буынның шығармашылық өсуіне және ұрпақтар сабақтастығына қызығушылық арттыруға ықпал етеді» ,- деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале