14.04.2023, 15:45
Оқылды: 45

Рамазан – Рақым айы

Халқымыз ежелден рамазанды ерекше қастерлей отырып, «Он екі айдың сұлтаны», – деп атаған. Берекесі мол айда жарапазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, оны насихаттаған. Ал ауызашар дастарханы рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Рамазан айы келісімен көбіміз ауызашар беруге асығамыз. Бұл айда жасалған нәпіл амалдарымыз үшін сауап жазылмақ. Сол сауабы мол амалдың бірі – аузы  берік  жанға ауыз аштыру ауданда биылғы жылы ерекше өтіп жатыр. Жамағат аудандық мешітте 30 күн бойы кезекке тұрып ауызашар беруде. Және бір ерекшелгі қари келіп Құран Хатум түсіріп жатыр. Жамағат арасында сұрақ-жауап ұйымдастырып, жауап береген жандарға сыйлықтар беруде. Ауданымыздың әкімшілік және басқа мекемелер мен тұрғындар ауыз ашар беріп, мол сауапқа кеңелуде. Тарауых намазында биылғы Рамазан айында ауыз ашар ерекше өтіп жатқанын аудандық мешіттің бас имамы Құлтөре  Нажмитдинов атап өтті.

ауыз ашар

 Қасиетті айда ораза ұстаған жандардан да пікірлерін сұраған болатынбыз.

      - Айлардың сұлтаны Ораза айыда келіп жетті. Қасиетті Ораза тұтып жүргеніме 4 жылдай болыпты. Ораза ұстаудағы ниетіміз Алланың разылығы деп білемін. Оразаның артықшылықтары көп. Ең бір мақсаты құранда келеді. Тақуалыққа тәрбиелеп, жақсылыққа, жақсы амалдарға тәрбиелеу және жаман әдеттерден тыйылу мен Алланың разылығы үшін жасалатын амал. Бұрын шылым шегетін адамдар болса, темекіні тастау деген сияқты мысалдар көрсетуге болады. Одан бөлек хадистерге келгенде ораза ұстаған адам әр раян есігі жәннәтқа кіреді. Сол бір нәрсені мақсат тұтып одан бөлек ғылыми нәрсені дәлелдейтін болсақ, батыс елдері дәлелдегендей таңнан кешке дейін тамақ ішпеген адамның денсаулығына пайдасы зор екен. Жан жақты зерделесең пайдасы көп екенін көруге болады», - деді  Райымбек Иржанов.

 -  Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады екен. Өзімізде Ораза ұстаймыз. Ауыз ашар бергенде мешітте адамдар толды. Бос орын қалмады. Өзімізге қатты ұнады. Жыл сайын үйден ауыз ашар беріп тұрамыз. Бұл жыл ерекше болды. Негізі мешітте жамағатпен бірге ауыз ашар берсек керемет болар еді деп көптен ойлап жүргенбіз. Аллаға шүкір Ораза тұтатын адам да көп. Ойымыз жүзеге асты. Көмекке зәру отбасылар бар, оларға да ауыз ашар берген жақсы деп ойлаймын. Биылдан бастап мешітте өткізеді дегенді естіген бойда отбасымызбен ақылдасып бір күнді белгіледік. Ораза тұтып жатқан адамдарға ауыз аштыру ерекше екенін түсіндік. Мол сауапқа ие болсақ деген ниетіміз бар. Рамазан айында барлық мұсылман қауымы көбірек сауап жинауға тырысады. Себебі басқа уақытта  жасаған бір іс сауап әкеледі. Ал Рамазан айында ол екі есеге көбейеді. Сондықтан Қасиетті Рамаза айында жамағат жақсы іс көбірек жасауға  тырысады. Тасқала ауданының бас имамы Құлтөреге Наджмидиновке риза болдық. Ораза басталғалы күнде ауызашар ұйымдастырды. Оның үстіне жамағат бір-біріне көмектесіп жүреді. Тіпті танымайтын адам болса да бір жақсылықтың нышаны деп білемін. Барлық ораза ұстаған мұсылман қауымға Алла қабыл алсын деп тілейміз. Осы қасиетті айда Алла разылығы  үшін жасалған барлық жақсы амалдары мен құлшылығы мол сауап әкелсі. Келесі Рамазан айына дейін  аман есен жетейік, - дейді Ғариповтар отбасы.

Бұл айда пенделер түрлі кейіпте Аллаға жақындайды. Алла Тағала баршамыздың дұға, тілектеріміз, сауапты істерімізді қабыл еткей!

 

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале