14.04.2023, 22:51
Оқылды: 57

Киік мәселесі талқыланды

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде өңіріміздің оңтүстік аудандарында киіктердің кененің пайда болуы салдарынан өліп жатырғандығы жөнінде ақпараттар желдей есті. Бұл мәселеге жергілікті тұрғындар да алаңдаушылық білдіріп отыр. Түйткілді мәселе 13 сәуір күні Қараоба ауылдық округінің тұрғындарымен бірге талқыланды.

20230413104734_IMG_9009

20230413113057_IMG_9024

Халықпен кездесу жиынына Казталов ауданы әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібеков, БҚО ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Қайыржан Өмірәлиев, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының, бақылау-тексеру басқармасының басшысы Бисебай Төлепов, «Охотзоопром ӨБ» РМ қазыналық кәсіпорынының Батыс өңірлік филиалының және БАҚ өкілдері қатысты. Жиында киіктердің өлекселерінің көбеюі, оларды мал молаларында өртеу, киіктердің тасымалдауынан болатын жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды. Кененің пайда болуына қатысты да басқарма басшысы халыққа маман ретінде пікірімен бөлісті.

-Кене немесе басқа да қотыр сынды аурулармен күресу үшін жергілікті бюджеттен қаражат қаралмайды. Қаражат аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға бөлінеді. ҚР «Ветеринария туралы» заңның, 35-бабының, 2-тармағында көрсетілгендей, кенелерден тарайтын ауруларға мал иелерінің өздерінің қаражаты есебінен екпе жұмыстары жүргізіледі. Ветеринариялық аптекалардағы паразиттік ауруларға қатысты препараттарды алу керек. Соңғы үш жылда кене де көбейіп кетті. Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес кенемен күреске қаражат бөлініп отыр. Кененің көбеюіне көктемнің ерте келуі мен ылғалдың молдығы себеп. Ал кенені тек киік емес, қоян, қарсақ және өзге де дала жануарлары аталған жәндікті тасымалдаушылар қатарына жатады, - деді Серік Базарұлы.

20230413104610_IMG_9004

20230413104454_IMG_9000

20230413104421_IMG_8997

Келелі жиында киік санының артуына байланысты ауыл шаруашылығы саласында қордаланған бірқатар мәселелер де тілге тиек етілді. Мәселен, резерват аумағындағы шаруалардың жұмысына кедергі келтірмесі үшін киіктің қонысын ауыстыру, киік өлекселерін мал молаларында уақытылы өртеу сынды ұсыныстар айтылды. Қазіргі таңда киіктің миграциясын бақылау мақсатында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының және «Охотзоопром ӨБ» РМ қазыналық кәсіпорнының Батыс өңірлік филиалдарының мамандары бірлескен жұмыстарды қолға алған. Сонымен қатар, алдағы уақытта киіктердің төлдеу маусымына дайындық жұмыстары жөнінде де ақпарат берілді. Ал, жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібекұлы мәселенің жергілікті атқарушы органдардың бақылауында екендігін атап өтті.

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале