Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Батыс Қазақстан өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рамазан – Құран түскен ай» атты мешіт жамағаты арасында облыстық Құранды мәнерлеп жатқа оқудан сайыс өтті.
Аталмыш сайысқа Теректі ауданынан 11 жасар бүлдіршін Райан Рамазан қатысқан болатын.
Ең алғашқы болып, сайыстың шымылдығын ашса да, қысылып, қымтырылмай, Құранды нақышына келтіре мүдірмей оқыған жерлесіміз әділ қазылардың назарын өзіне аударған еді.
Жарыс соңында ұпайлары бірдей 3 балаға тәжуид ережелерінен сұрақтар қойылды. Нәтижесінде теректілік Райан ІІ орынға лайық деп танылып, 50 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.
Аяулым Бақтығали,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz