Бүгін Орал шаһарында БҚО халық шығармашылығы орталығының ұйымдастырумен «Балдәурен» балалар фестивалі өтті. Дәстүрлі шараға теректілік жас өнерпаздар да қатысқан болатын.
Сайып келгенде, эстрадалық вокал жанры бойынша Айсезім Тілекқабыл (жетекшісі Гүлназ Құсайынова) жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Ал домбырамен ән салу (жыр, терме) жанры аясында Мәдина Жанбота (жетекшісі Дәурен Жұмағалиев) 2-орынды алса, осы жанр бойынша Ділназ Исмағұл (жетекшісі Бейбіт Қажығалиев) 3-орынды иеленді.
Өнерлі өрендерді шын жүректен құттықтаймыз!
Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz