21.04.2023, 12:58
Оқылды: 8

Латвия 9 мамырды тойлаудан бас тартты

Бұл күн Украинада қаза тапқан халықты еске алу күні деп жарияланды.

64422278414e7419156456

Латвия Кеңес Одағы халқының ІІ Дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күнін тойлаудан бас тартты.

Латвияның Сеймі (Парламенті) 9 мамырды Ресей қарулы күштерінің шабуылынан Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерді еске алу күні деп жариялады. Осыған байланысты тиісті заң қабылдады.

Енді Латвияда осы заңға сәйкес, 9 мамырда отшашулар мен мерекелік іс-шараларға тыйым салынады. Осы күні президент резиденциясы, Үкімет үйі, Сейм мен басқа да мемлекеттік органдардың ғимараттарында мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Мемлекеттік туды тұрғын үйлерде де түсіруге рұқсат беріледі. Латвияның туының жанында Украинаның мемлекеттік туы да болады.

Сондай-ақ Z  және V деген белгіні насихаттаған адамдар жауапқа тартылады.

halyq-uni.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале