24.04.2023, 11:46
Оқылды: 106

Тамақтану арасындағы үзілістер төрт сағаттан аспауы керек

Мектептегі ыстық тамақ жас ұрпақтың физикалық және психикалық денсаулығы факторларының бірі. Бүгінгі таңда еліміздің мектептері мен балабақшаларында сапалы тамақтануды ұйымдастыру – мемлекеттің басым бағыттардың бірі. Оқушылардың тамақтануына қойылатын өзіндік санитарлық талаптар бар, яғни ыстық тамақтануды ұйымдастыру ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларымен регламент жасалады.

тамак

Фото: zhaikpress.kz

Аталмыш санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес, жалпы білім беретін ұйымдардың бірінші ауысымының білім алушылары үшін бір-екі рет тамақтану – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас; екінші ауысымның білім алушылары үшін – бесін ас; ұзартылған күн топтары үшін – екінші таңғы ас, түскі ас және бесін ас көзделеді. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде бес рет тамақтану ұйымдастырылады.

Ұйқыдан бір сағат бұрын екінші кешкі ас түрінде балаларға бір стақан йогурт, қышқыл сүт өнімі беріледі. Негізгі тамақтану арасындағы үзілістер төрт сағаттан аспауы керек.

Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Күнделікті тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай немесе бидай наны, көкөністер және қант енгізіледі. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі-жеті күнтізбелік күнде бір рет енгізіледі. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналына енгізе отырып, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда жүзеге асырылады.

Білім алушыларды тағам дайындаумен, көкөністерді тазалаумен, дайын тағамды таратумен, нан тураумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды жинаумен байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмеу қажет.

Мектептегі тамақтану үшін жарамдылық мерзімі өткен, сапасыздық белгілері анықталған өнімдерді, бүліну белгілері анықталған көкөністер мен жемістерді, өнеркәсіптік емес тамақ өнімдерін, крем қосылған кондитерлік өнімдерді, саңырауқұлақтарды, квасты, пастерленбеген және бастапқы өңдеуден өтпеген сүтті пайдалануға қатаң тыйым салынады. Мектеп асханасында шикі ысталған шұжықтар мен гастрономиялық өнімдерден жасалған тағамдарға, кофе, энергетикалық сусындар, алкоголь, газдалған су, өсімдік майларынан жасалған балмұздақтарға тыйым салынады.

Ыстық тамақты ұйымдастыру ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын көздейді. Мектеп оқушылары үшін тамақ дайындауға тек дені сау қызметкерлер жіберіледі, олар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сай уақтылы медициналық тексеруден өтеді. Әрбір қызметкердің жеке санитарлық кітапшасы болуы керек, онда медициналық зерттеулерден, санитарлық минимумнан өту туралы ақпарат көрсетіледі.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша 362 мектептің 329-ында 63 614 оқушы ыстық тамақпен, 1-4 сынып аралығында оқитын 49 509 оқушы тегін ыстық тамақпен, ал 1332 оқушы буфеттік тамақпен қамтылып отыр.

Мектептердегі тамақтану сапасын медицина қызметкері немесе мекеме басшысы бұйрығымен бекітілген жауапты адам тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді. Сонымен қатар, тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамына міндетті түрде медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіле отырып, обьекті басшысының бұйрығымен айқындалады.

З.Ажигалиева,

БҚО СЭБД білім беру және

тәрбиелеу объектілерін бақылау және

қадағалау бөлімінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале