«Жастар рухы» жастар қанатының қолдауымен, «Іс үшін - За дело» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық «Білімділер додасы» интеллектуалдық сайысы өтті.
Теректі, Долин, Богданов, Приречный, Ақсуат, Подстепный, Аңқаты, Ақжайық және Шағатай ауылдарының белсенді жастары бас қосқан жиында ең алғаш сөз кезегін алған Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Сатыбалдиев барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
«ҰБТ емес», «Қай ән еді?», «Кино ғой кино», «Жарнама», «Бұл кім?», «MiSigushi»кезеңдері бойынша білімдерін сынаған жастар қиыннан қиыстырылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді.
Сонымен, интеллектуалды сайыс қорытындысы бойынша таныстыруында «Тоқаевтың үкілеген үмітіміз, Ал Президент ең бірінші болу керек» деп жырлаған «President» командасы жүлделі І орынды иеленді. ІІ орын тұғырынан «Достық» командасы (Богданов ауылы) көрінді. Ауданымыздағы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұжымынан құралған «Шалқар» командасы ІІІ орынға лайық деп танылды.
Ал «Жан», «Жалын», «Прайд», «Болашақ», «Тұлпар», «Ұлы дала жастары» мен «Озат» командаларына миға «шабуыл» жасаған сайысқа белсенді қатысқандары үшін алғысхат табысталды.
Барлық жастар «Іс үшін - За дело» қоғамдық бірлестігі атынан дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Аягөз Айтқалиева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz