28.04.2023, 15:00
Оқылды: 54

 ҚР Үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы Қаулы қабылдады

Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды. 

ҚР Үкіметі тиісті Қаулы қабылдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

ukimet
✅

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады.

Cенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале