Ел кубогінің 1/8 финалында алматылық "Қайратқа" қарсы ойнаған "Ақжайық" 0-0 есебімен тең түсті.
Ойын бойы қарсыласын тықсырып баққан Игорь Прохницкий шәкірттері есеп ашар бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді. Әсіресе, екінші таймда алматылық команда қатты састы. Тіпті Микола Агапов пен Бақдаулет Көңілімқос бірлесе жүріп гол да соққан. Бірақ төреші Микола ойыннан тыс қалды деген желеумен голдың күшін жойды. Одан кейін де "Қайратқа" қайрат көрсеткен оралдық оғландар сауатты шабуылдағанымен, сәттілік жетіспеді.
Осылайша, өз алаңында 0-0 есебімен тарқасқан "Ақжайық" кубок жолындағы жорығын аяқтады.
Ал, Алматыда өткен бірінші ойында 2:1 есебімен жеңіске жеткен "Қайрат" екі матч қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz