Бүгін достық алаңында аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай «Бейбітшілік – ел тілегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Үлгілі «Нұрбибі», Халықтық «Сымбат» би ансамбльдері «Достық» биімен шараның шымылдығын ашты. Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Ашық аспан астында болған шараға ауыл тұрғындары көптеп жиналған. Келгендер түрлі ұлттың тағамдары қойылған берекелі дастарқаннан дәм татты. Көрермендер әуезді әуен тыңдап, бишілердің мың бұрала билеген билеріне тәнті болып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz