4.05.2023, 0:54
Оқылды: 53

Даладағы диқанға - жанар май жаңа бағамен

Көктемнің әр күні – жылға азық. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Усағалиев Шолақаңқаты және Алғабас, Талдыбұлақ ауылдық округтеріне қарасты шаруа қожалықтарының егіс даласын аралап, қарқынды жүріп жатқан көктемгі далалық жұмыстармен танысып қайтты.

6A45CB1E-E2E5-49BB-B185-12B167A75430
Былтыр естеріңізде болса, осы мерзімде өсер жаңбырдан көз ашпай, диқандар дақылдарын маусымға кіре сепкен еді. Биыл көктем ерте шықты. Далалық жұмыстар да ерте басталды. Көктем басталысымен, диқандарда тыным жоқ. Егістік алқаптарда жерді тегістеу, жер жырту, ылғал жабу жұмыстарында бел жазбай еңбек етуде.
C42B3CC7-A155-4AB8-8532-28F0EA51364F
Аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Қайратұлының мәлімдеуінше, сырымдық диқандардың 24 мың га жерге игеріп, егін салуы көзделуде. Бүгінгі таңда 19100 га жерге дән себілуде.

C2C21EB4-2D8D-4A39-9338-408857C7B977
Көктемгі далалық жұмыстарды сапалы және тиімді аяқтау үшін шаруашылыққа ең қажеттісі – сенімді техника мен оны жүргізетін жанар-жағар май. Бензин мен дизельдік отынның бағасының өсуі далалық жұмыстарға кері ықпалын тигізбеуі қажет. Дизельдік отынның бөлшек саудадағы бағасы ауданда – 290 теңге. Мемлекеттен біздің ауданға арзандатылған бағамен 349 тонна дизельдік отын бөлініп, жанар май жаңа бағамен ұсынылуда. «Нефтэк» бекетінен алса, 215 теңгеден, ал, Орал қаласынан алса, литрін 211 теңгеден алады. Ауданның 38 егін шаруашылығымен айналысатын қожалықтарына бөлініп берілді.

90BFE3C0-11CB-4957-A8FA-80BA334BDF12
Егін шаруашылығымен шұғылданатын шаруашылық құрылымдары егістігіне тыңайтқыштар, егістікті улауға арналған дәрі-дәрмегін сатып алса, мемлекеттен субсидия беру қарастырылған. Алайда әзірге аудан бойынша егін шаруашылығына демеуқаржы алуға диқан ниет білдірмей отыр. Қазір ауданның егіншілері дән салумен қауырт жұмыстануда. Егін салу жұмыстары аяқталып болған соң ғана, тыңайту, улау жұмыстары басталады.

80C93C72-9A45-4FAD-8A58-852DFA0B7365
Ауданда қой шаруашылығын дамытуды көздеген Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты инвестор «KazMeatIndustry» ЖШС директоры Н. Мурзагалиев ағымдағы жылы 3500 га жерге егін егуді жоспарлап отыр. Түгін тартсаң, майы шығатын Шолақаңқаты топырағында қазіргі уақытта 3500 гектар жердің ылғалын жауып, 1500 гектар жерге арпа екті. Бүгінгі күні арпа дәнін жерге себуді аяқтады. Қалған 300 га жерге құмай және 1700 га жерге күнбағыс егілмек. Тұқым салынған жерді күтіп баптауға арзандатылған жанар жағар майдан 30 тонна бөлінді. Шаруашылық құрылымы науқанды жұмысқа Италиядан, Америка Құрама Штаттарынан CASE 400 егін егуге арналған техника кешенін, қосымша үш тракторды сатып алып, көктемгі далалық жұмыстарға жұмылдыруда. Тағы да техника сатып алуға мүдделі. Заман талабына сай техникалардың арқасында шаруашылықтың жерді жырту, тегістеу, тұқым себу, күзгі-жиын терін жұмыстарын межелі мерзімнен бұрын аяқтауға мүмкіндіктері мол.
Аудан басшысы Шолақаңқаты өзеніндегі су қоймасына да аялдап, судың келу деңгейін көрді.

WhatsApp Image 2023-05-03 at 21.47.57
Талдыбұлақ ауылдық округіне қарасты Х.Ажгалиев басқаратын «Тінәлі» ЖШС ағымдағы жылы 4154 гектар жерге егін егуді көздейді. Қазіргі уақытта 4154 гектар жердің ылғалын жапты. Биылғы жылдың 2240 гектар жерге күздік бидай және 1914 гектар жерге жаздық бидай дәнін салатын болады. Тінәліліктерге егістік жерді күтіп баптауға 37,6 тонна арзандатылған жанар жағар май бөлінді. Дизельдік отынды жеткізуші операторы болып «Нефтэк» ЖШС тағайындалды.

WhatsApp Image 2023-05-03 at 21.48.02

WhatsApp Image 2023-05-03 at 21.48.06

WhatsApp Image 2023-05-03 at 21.48.05

WhatsApp Image 2023-05-03 at 21.47.56
Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале