4.05.2023, 19:32
Оқылды: 42

"Ақжайық" ашуын "Қыраннан" алды

Бірінші лига командалары арасында ел чемпионатының бесінші турында Оралдың «Ақжайығы» шымкенттік «Қыранды» қабылдады.

WhatsApp Image 2023-05-04 at 17.23.24
Осыған дейінгі екі ойынның бірінде жеңіліп, енді бірінде тең түскен Игорь Прохницкий жігіттері өз алаңында намысты қолдан бермеуге бекінді. Сегізінші минутта Микола Агапов есеп ашып, "Ақжайықтың" жеңсек деген жоспары іске асып жатқандай еді. Бірақ "Қыран" ойыншылары алаң иелерінің голына екі дәл соққымен жауап қатты. Осыдан соң қос тарап алма-кезек шабуылдап, бір-бірінің осал тұсын табуға тырысып бақты. Кей сәтте "Қыран" ойыншылары оралдық команданы тықсырып, гол соғуға жақын болды. 40-минут түгескен шақта "Ақжайық" ес жиып, шабуылдарын сәтті ұйымдастыра бастады. Тайм соңында Завен Бадоян мен Евгений Кобзарь гол есепті Орал командасы алға да шықты. Осылайша бірінші тайм 3-2 есебімен "Ақжайық" пайдасына шешілді.

WhatsApp Image 2023-05-04 at 17.23.25
Ойынның екінші кезеңінде қателігінен сабақ шығарған "Ақжайық" ойыншылары "Қыранды" түтіп жеді. Осыған дейінгі екі ойында есе жібергеннің ашуын шымкенттіктерден алып жатқандай әсер қалдырды. Қарсыласын аямаған Оралдың оғландары 7 гол соғып, қорытынды есепті 10:2 етті. Қонақтар қақпашысын ауыстырып еді. Ол жүріс те нәтиже бермеді. Екінші таймда Мирам Сапанов пен Эльдар Абдрахманов, қосалқы құрамнан ойынға қосылған Бекзат Иманғазеев пен Әділет Болатов ерекше көзге түсті. Ойын күні туған күнін тойлаған Арман Смаилов гол соғып, өз-өзіне тамаша сый жасады.

WhatsApp Image 2023-05-04 at 17.23.25 (1)

WhatsApp Image 2023-05-04 at 17.23.26 (1)

WhatsApp Image 2023-05-04 at 17.23.26

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале