Екі күнге созылған доп додасына Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және жергілікті жайдарманшылар қатысты.

Жобаның екінші күні жүлделі орындарға талас ойындары өтті.
Жүлделі үшінші орынға:
Маңғыстау-Ақтөбе командалары,
Бас жүлдеге:
Атырау-Орал командалары бағын сынады.

Тартысқа толы ойындар нәтижесінде Ақтөбе командасы Маңғыстау командасынан 2:1 есебімен басым түссе, Атыраулық теңбіл доп шеберлері финалдық бәсекеде Оралдық жайдарманшылардан 1:3 есебімен жеңіліс тапты.
Осылайша жоба қорытындысы:
IV - Маңғыстау;
IIІ - Ақтөбе;
II - Атырау;
I - Орал.
”Батыс кубогы” чемпионы жергілікті жайдарманшыларға бұйырды. Жүлделі орын иеленген командаларға медальдар мен кубок табыс етілді. Әр шепте үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар да марапаттан құр қалмады:
Үздік ойыншы - Бакалек Хайноллаев, Атырау командасы;
Үздік қақпашы - Сандыбаев Айбын, Ақтөбе командасы;
Үздік шабуылдаушы - Манас Махамбетов, Орал командасы;
Үздік қорғаушы - Атырау командасы, Даурен Қайралиев ие болды. Жобаның өтуіне қолдау білдірген Орал қаласының әкімдігіне, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне, «Ақжайық» футбол клубына, “Нұржанар” компаниясына, КАЗИИТУ ғылым-білім кешеніне, «Абырой» жеке мектебіне, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен мырзаға және облыстық мәслихат депутаты Мұратбек Мухамбедиев мырзаға ерекше алғыс білдіреміз!

«Батыс кубогы» жобасы республикамызға белгілі «Назар аудар» театрының актёры Марс Жайлауовтың ұсынысы негізінде Орал ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және “Amanat” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” БҚОФ ұйымдастыруымен өткізілді.
Ернұр Серікұлы,
Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық маманы
zhaikpress.kz