Бүгін Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай сұрапыл соғыста Отан үшін, болашақ ұрпақ үшін өмірлерін тәуекелге тігіп, жандарын құрбан еткен батырларымызды еске алу үшін аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев бастаған ауданымыздағы мекеме қызметкерлері достық алаңындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімін жасады.
Жанын беріп жеңіс әкелген осынау соғыс жылдарында майданда қандарын төккен батыр азаматтарымызды барша жиылған жұрт бір минут үнсіздікпен еске алды. Аталмыш іс-шара ат шабар алаңында дала қызықтарына ұласатын болады.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz