11.05.2023, 10:45
Оқылды: 16

Александр Бублик пен Юлия Путинцева Рим мастерс турнирін сәтті бастады

Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясының федерациясы хабарлады.

aleksandr_bublik_pen_1683774865

Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Рим ATP 1000 турнирін сәтті бастады. Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 142-орында тұрған испаниялық Педро Мартинес-Портеромен өткізді. Бублик қарсыласын 6:3, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.

Александр Бублик мастерс жарысының екінші айналымында әлемнің 35-ракеткасы, 20 жастағы америкалық Бен Шелтонмен шеберлік байқасады.

Әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты. Юлия алғашқы айналымда рейтингіде 76-орында тұрған болгариялық Виктория Томовамен шеберлік байқасып 6:7, 7:6, 6:0 есебімен ұтты. Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Кори Гауфпен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале