20.05.2023, 23:33
Оқылды: 51

"Ауыл аманаты" - өз кәсібіңді дамытуға мүмкіндік

Жәнібектегі бірқатар келелі істерге қанық болған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев, аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен бастау алған, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынға қатысты.

IMG-20230520-WA0050

Қатысушылар қатарынан облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Мұхтар Шайжанов, облыстық ветеринария басқармасы басшысы Серік Нұрмағамбетов, облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Ұмашев, облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жұматай Ашықпаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» ШЖҚРМК БҚО филиалының директоры Рауан Құсайынов, «Aqjayiq» ӘКК» АҚ мемлекеттік бағдарламалар және несиелендіру департаментінің басшысы Алмат Қазиқанов және жергілікті кәсіпкерлер, шаруа қожалық жетекшілері мен сала мамандары табылды.

IMG-20230520-WA0051

Күн тәртібінде қозғалған тақырып - "Ауыл аманаты" пилоттық бағдарламасының іске асуы. Аудан әкімі тақырыпты тарқату үшін сөзді орынбасары Асхат Молдағалиевке берді. Ол жоба бойынша аудан көлемінде атқарылып жатқан істерді баяндады.

Содан соң Алмат Сисенбайұлы баяндама жасап, жобаның облыстағы қарқынын айтып берді. Осы орайда Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаев аталмыш жоба турасында жұмыстарды тілге тиек етті. Жобаның артықшылықтары мен жалпы мақсатына Денис Молдағалиұлы тоқталды.

Жиын барысында ауыл шаруашылығын дамыту және бағдарлама аясында несие алу үшін сұрақтар қойылды. Оған облыстан ат терлетіп келген басқарма мамандары мен жауапты бөлім басшылары үн қатты.

Аталған жоба аудан тұрғындарының кәсіп ашып, оны өркендету үшін таптырмас мүмкіндік. Тек оларға түсінікті, нақты ақпараттар берілсе дейміз.

Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале