Бөкей ордасы ауданының басшысы Нұрлыбек Даумов мен орынбасары Біржан Меңешов Сайқын ауылы ішіндегі тас және жаяу жүргінші жолының құрылыс барысын қадағалады.
Биыл ауыл ішінде үш шақырымға жуық жаяу жүргінші жолы мен 5,6 шақырым тас жол салынбақ.
Аудан әкімі жаяу жүргінші жолына жауапты «Теплоэнергстрой» ЖШС және «МирВам» ЖК уәкілдерімен кездесті.
Ал асфальт төсеуге жауапты «САПАҚ» ӨК жұмыстарын бастап, ауыл көшелерін қырып, құрылыстың бастапқы жұмысын бастап та кетті.
Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz