Кеше ғана Атырау қаласында дәстүрлі «Алмалы Fest» фестивалі өз мәресіне жетті.
Өнер додасына теректілік Айсезім Тілекқабыл қатысқан еді. Сайып келгенде, бас жүлдені жеңіп алды. Ол енді Македония елінде өтетін халықаралық байқауға жолдама алды. Бұл туралы жас өреннің өнердегі ұстазы Гүлназ Құсайынова мәлім етті.
Ендеше, қанатың талмай, өнер әлемінде самғай бер, айдай сұлу Айсезім!
Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы,
zhaikpress.kz