"ҚазАвтоЖол" басшысы Мейірхат Қасымбаев Instagram-дағы ресми парақшасында Батыс Қазақстан өңіріндегі күрделі жөндеу өтіп жатқан "Қазталов - Жәнібек - РФ шекарасы" және "Өнеге - Бисен-Сайхын" республикалық тасжолдары туралы мәлім етті.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның telegram каналында хабарланды.
- Бүгінде құрылыс жұмыстарымен қамтылған жол учаскелерінде қайнаған қызу еңбек жүріп жатыр.
Бұл уақытты барынша тиімді пайдаланып, еңбектенуіміз қажет. Күн сайын мамандар орта есеппен алғанда құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қамтылған учаскелерге шамамен 20 мың тонна асфальт төсейді. Биыл шамамен 150 учаске құрылыс жұмыстарымен қамтылды.
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарым аясында жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайтын “Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы” және “Өнеге-Бисен-Сайхын” автожолдарында атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын кезекті рет тексердім. Биылғы мақсат — қозғалыс ашу.
Алдымызға қойған мақсатты сәтті жүзеге асыру үшін былтырғы жылдың қараша айынан бастап құрылысқа қажет инертті материалдарды, оның ішінде қиыршық тасты, битумды, темірбетон бұйымдарын, құм-қиыршық тас қоспасын, цементті және т.б. дайындауды үздіксіз жүргіздік. Қаражат мәселесі де толық шешімін тапты. Күрделі жөндеу жұмыстарына 800 маман мен 500 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Бүгінгі таңда көпірлер мен мал айдау өткелдерінің құрылысы 90% - ға аяқталды. 150 шақырым жаңа асфальт төселді.
Жол салу — үлкен өндірістік процесс. Бұл жұмыс жауапкершілікті талап етеді. Үнемі жол басына барып, құрылыс барысын жеке тексеріп отырамын, - деліген Instagram-дағы жазбада.
Фото Мейірхат Қасымбаев
Instagram-дағы парақшасынан