Жаз айлары мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан оқушылардың бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттау, үйретудің мәні зор.

Осы орайда Орал қаласы №1 Балалар өнер мектебі оқушыларының жазғы демалыс кезіндегі уақытын тиімді өткізу мақсатында «Жаз қызығы – көңілді демалыс» атты ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында «Ритм», «Звонкие нотки» вокалдық топтары, халық аспаптары бөлімінің ансамблі, Станислава Кузнецова және Еркін Әнел ән шырқады. Шағын концерттік бағдарламадан соң оқушылар асыға күткен ойындар басталды. Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері балалардың қызығушылығын арттыратыны мәлім, сондықтан да шара барысында ер балалар асық атып, арқан тартып, кейін мергендіктерін сынады. Секіру, жүгіру және би қимылдарын қайталау сынды ойындар ойнатылып, оқушылар бір серігіп қалды. Шара соңында флешмоб ұйымдастырылып, тәттілер үйлестірілді.

Қазақ халқы - талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы – тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы. Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы.

Ұзақ уақыт бойы оқушылардың ой-санасының өсіп-жетілуі тек білім көрсеткішімен бағаланып келді. Нәтижесінде тамырын тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік секілді қабілетін дарыта алмай қалады. Сондықтан өнер мектебінің оқушыларының жазғы демалысын дұрыс ұйымдастырып, оң бағыт беріп, өскелең ұрпақтың бойындағы шығармашылық қасиетін дарытатын, өнерге деген сүйіспеншігін арттыратын оқушылар тәрбиелейік.

Т.Алимбаев,
Орал қаласындағы
№1 Балалар өнер мектебінің директоры
.