18.06.2023, 12:03
Оқылды: 30

Сырымның Cанаты 63 жаста!

Кеше Сырым ауданындағы А.Шайхиев атындағы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде “Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қызметкері”, Самбо күресінен халықаралық дәрежедегі төреші, ардагер спортшы, ұстаз Санат Берсебаевтың зейнеткерлік жасқа толуына орай дзюдо күресінен 2010-2012 жылдары туылған жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнирі өтті.
IMG_1723
Турнирге Ақтөбе, Атырау облыстарынан, Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау, Сырым ауданынан, Жекпе-жек спорт мектебінің, Kodakan spirit спорт клубынан, Орал қаласындағы N 1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен, N 4 жалпы білім беретін орта мектебінен және Ресей Федерациясының Соль-Илецк қаласынан жалпы саны 14 командада 10 салмақ дәрежесі бойынша дзюдошылар белдесті.
IMG_1722
Салтанатты ашылу жиынына аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, “Спорт жұлдыздары” республикалық журналының бас редакторы, қазақ журналистикасының қайраткері, қазақ спорт және туризм академиясының профессоры Мұсағали Тасқалиев, облыстық грек-рим және еркін күрес федерациясының президенті Бауыржан Бегайдаров, шәкірттері атынан Тілек Махметовтер ел ағасы Санат Берсебаевқа ақ тілектерін арнап, әдемі естеліктерімен бөлісті.
IMG_1727
IMG_1746
IMG_1730
IMG_1728
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz  
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале