Қазақстандық қос теннисші Иран астанасы Тегеранда 18 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан ITF Juniors J100 TEHRAN турнирінің жартылай финалында өзара кездеседі. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Фото: ktf.kz
Әмір Омарханов (299 ITF Juniors) ширек финалда өзбекстандық Имран Хайтбаевты 6:2, 7:5 есебімен ұтты.
Тағы бір қазақстандық Даниал Рахматуллаев (435 ITF Juniors) үндістандық Криш Тиджиді ойсырата жеңді – 6:2, 6:0.
Енді Омарханов пен Рахматуллаев жартылай финалда финалдың жолдамасын сарапқа салады.
Заңғар Нұрланұлы (692 ITF Juniors) ширек финалда үш сағатқа созылған аса тартысты бәсекеде жарыстың 8-ракеткасы, германиялық Артем Ляпшинге жол берді – 6:4, 5:7, 4:6.
Тегеранда Әмір жұптық сында финалға шықты. Ол соңғы бәсекеде болгариялық Иван Найденовпен бірге өзбекстандық Имран Хайтбаев – белоруссиялық Даниил Ряженкоумен шеберлік байқасады.