1.07.2023, 15:01
Оқылды: 55

«AMANAT» форумы: делегаттар екі жарым мың өңірдің аманатын арқалап келді

Бұл форумға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары өңір-өңірден арнайы келіп, өздерінің аймақтарындағы өзекті мәселелерін қозғады. Соның бірі – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық партия филиалының орынбасары Артур Ермұханов. Ол форум жайында өз пікірімен бөлісті. 

amanat-forumy-delegattar-eki-zharym-myn-on-irdin-amanatyn-ark-alap-keldi_1688108697

Фото: aikyn.kz

– Кешегі форумда еліміздің ғана емес, әрбір өңірдегі елеулі мәселер көтеріліп, талқыланды. Партия төрағасы Ерлан Қошанов айтқандай, осындай форумды расымен жиі өткізіп тұру керек. Себебі, осы жиынның өзіне келген екі жарым мың делегат екі жарым мың елдің аманатын арқалап келді. Сондықтан форум жыл сайын өтетін болса, өз нәтижесін ұзақ күттірмейтініне сенемін! – деген Артур Ермұханов пленарлық отырыста өз өңіріндегі өзекті мәселені қозғап, ұсыныс жасағанын сөз етті.

– Мысалы, бұл – мемлекеттік сатып алуға байланысты. Қазір мәдениет үйлері, мектептер салынып, жөндеуден өтіп жатыр. Әрине, бұл жақсы. Бірақ мәселенің түп төркіні мынада: бір мердігер салықты көп төлегені үшін бүкіл байқауды ұтып алады. Өйткені бұл жерде салықты көп төлеген мердігерге басымдық береді. Нәтижесінде, бір мердігер өңірдегі 15 нысанды мемлекеттік сатудан ұтып алады. Сөйтіп, ол нысандар бір-бірінен алшақ, әрі жұмыс күші жетіспеушілігінен кейбірі уақытында салынып бітпейді. Мәселен, Ақжайық ауданындағы Базартөбе деген ауылдық орта мектеп былтыр күрделі жөндеу жұмыстары басталғанымен, әлі күнге дейін аяқталмады. Бұл дегеніміз – мердігердің жауапсыздығы. Соның салдарынан 300-ге жуық баланың обалына қалды. Олар биыл мәдениет үйінде және ауыл әкімшілігінің ғимаратында оқып шықты.  Міне, осындай мердігерлерді бізде заң аясында жосықсыз деп танып, қара тізімге енгізіп қана қояды. Меніңше, бұл заң аясына өзгеріс енгізу керек. Мысалы, мұндай жауапсыздыққа жол берген мердігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Не болмаса үлкен сомада айыппұл салуы тиіс. Бұл бірінші – ұсынысым.  

Екіншіден осындай ірі мердігерлер жергілікті мердігерге мемлекеттік сатып алуға байқауын ұтып алуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан мемлекеттік сатып алуды екі кезеңге бөлу керек. Біріншісі кезең жергілікті мердігерлерге арналған байқау облыс көлемінде ғана өтуі тиіс. Егер осы жерден жеңімпаз анықталмаса, екінші кезеңге өтіп,  мемлекеттік сатып алу байқауы республика көлемінде өткізілгені дұрыс.

Сонымен қатар, ауылшаруашылық саласында ушығып тұрған мәселелер көп. Соның ішінде – субсидия мәселесі. Мәселен бүгінде біз негізінен техниканы ТМД елдері арасында Беларусь елінен аламыз. Ал біздегі қолданыстағы ережеге сәйкес ол жақтың трактордың бағасы 6 млн 800 теңге. Ал мемлекет субсидияға тек осы ақының тек 25 пайызы ғана беріледі. Бұл дегеніміз – 1 млн 700 мың теңге ғана. Шынын айтқанда, ол техниканың қазіргі нарықтағы құны 10 миллионнан асып кетті. Ал елімізде жасалған техникаға 30 пайыз беріледі. Бірақ оның сапасы көңіл көншітерлік, – деді ол.  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале