Бүгін Астана күніне орай жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен шағын футболдан ерлер командалары арасында ауыл біріншілігі өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, Жаңақала аудандық Жастар клубының директоры Жанболат Гумаров және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов қатысты. А.Нұрғалиқызы сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс түлектер арасындағы 1993, 1994, 1996, 1997, 2000, 2001, 2004 жылғы командалардан құралды.
А.Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz