ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы» КММ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп, аталмыш агенттіктің елордалық департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020-2023 жылдары ақша жымқыру шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы жасалған.
Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты КММ басшылығы алып отырған.
Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 млн теңгені құрады.
Сонымен бірге КММ басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.
ҚММ бастығына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жариялауға болмайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.