21.07.2023, 23:07
Оқылды: 42

Гүлденген ауыл – ел мерейі

Бірлік ауылы соңғы жылдары жақсы қарқынмен дамып келеді. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің бірі ауылдық жерлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру болса, айтулы тапсырмалардың орындалуы ауданда біршама жолға қойылған. Ауыл әкімі Алғадай Жамбылұлы өзі қызметке кіріскен уақыттан бері ауданды, алыстағы ауылдарды дамыту мәселесін күн тәртібіне қойып, нақты шараларды жүзеге асырып келеді. бота фото 3

Аудан ауылдарының көркейтіліп, көгалдандырылуы, жалпы, ауылдықтардың ахуалы біршама жақсарды. Ауылдардағы қарапайым жұртшылыққа ең алдымен не керек? Әрине, әлеуметтік жағдай керек. Сондықтан ең алдымен ауылдарға апаратын жолдардың дұрыс болуы, ондағы мектептің, дәрігерлік қызмет мекемесінің, мәдениет ошағының, балабақшаның, таза су мәселесінің жағдайлары жанжақты ойластырылуда. Бұрын қарапайым халық ондаған жылдар бойы аудан басшыларына, депутаттарға аманат етіп тапсырып, айтаайта жалығып, көңілдері қалып, жол салдыра алмаған ауылдар жеткілікті. Қайнаған өмірдің күретамыры болып табылатын жол мәселесі шешілмей, арқасына аяздай батқан азаматтардың бүгінде сол өзі тұратын ауылдың келешегіне деген көзқарасы өзгерді. Жолдары жөнделіп, тас төселіп, жаңадан салынған ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Тасқала ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл Бірлік ауылында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны жайлы қысқаша айтқан болатын...

– Ауылды гүлдендіріп, өркендету керек. Қазіргі таңда Бірлік ауылы бойынша 2 шақырымдық жол салынды. Ауыл ішіне қайта су жүргізу жұмыстары қолға алынып, жол бойына түп-түзу 5 бағана орнатылып, жарықшамдары салынды. Жақын күндері бұл бағаналар 10-12 қатарға толығып, ауыл халқы жарық көшемен жүретін болады. Алдағы күз айының науқанында үй жануарларының жайылымына қолайлы орын салу көзделіп отырса, келесі жылы инфрақұрылымды дамыту мақсатында электр желінсін орнату жұмыстары жоспарда тұр, – дейді Алғадай Жамбылұлы.

WhatsApp Image 2023-07-21 at 21.04.20

Ауылымыздың су құбырын қайта жаңғырту мақсатында «Ақбұлақ» су кешенінен де ауыл ішіне су тарту жұмыстары жүргізілуде. Су кешеніне жетекші бас маман Умбетов Қайырбек Оразғалиұлы да жұмыстарының қарқынды түрде атқарылып жатқанын алға тартып, ақпан айына дейін толық аяқталатынын жеткізді. Келешегі кемел, көңілге қонымды, қайтарымы зор, халықтың қарнын тойғызып, киімін бүтіндейтін, хал-ахуалын жақсартып, жақсылыққа жетелеп, тұрмысын түзетуге апаратын сара жол да осы негізі. Ауылда бес-он үй қалса да, сол елді мекеннің жағдайын жасап, халықты ауылға шақыра беруіміз керек. Қажетті инфрақұрылымдарды жедел тартып, халықтың мұқтажын мұқият зерттеп, зерделеп, шұғыл түрде шешу – кезек күттірмейтін мәселе. Әрі-беріден кейін бұл біздің азаматтық парызымыз һәм қарызымыз екенін түсінуге тиіспіз.

WhatsApp Image 2023-07-21 at 21.04.22

 Ақбота Нағашбекқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале